Тимур Қабдешов Әлем кубогын алғашқы айналымда аяқтады (ВИДЕО)

Бас редактор
16.06.2026, 15:55

Қазақстандық былғары қолғап шебері бразилиялық Келви Триндадқа есе жіберді.

Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Тимур Қабдешов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз бразилиялық Келви Триндадқа есе жіберді.

Кабдешов 1/16 финалда Бразилия өкілі Келви Триндадпен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде төрешілер жеңісті бразилиялық спортшыға берді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Тимур Кабдешов 1:3 есебімен ұтылды.

Қазақстан құрамасы Гуйянға 17 боксшы апарды

World Boxing Әлем кубогының Қытайдағы кезеңі 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында өтіп жатыр. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасынан 17 боксшы қатысуда.

Реклама
Реклама