Нұрбек Оралбай өзбек әлем чемпионына қарсы жұдырықтасты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
16.06.2026, 19:21

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing кубогының ширек финалынан аса алмады.

instagram/@boxingkazakhstan

Ширек финалда Хабибуллаевпен жұдырықтасты

Нұрбек Оралбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда өзбекстандық Төребек Хабибуллаевпен кездесті. Хабибуллаев – әлем чемпионы атағы бар тәжірибелі боксшы.

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысында төрешілер жеңісті өзбекстандыққа берді. Есеп – 3:2. Осылайша Нұрбек Оралбай Қытайдағы турнирдегі жолын ширек финалда аяқтады.

Бұл жеңістен кейін Төребек Хабибуллаев World Boxing кубогының жартылай финалына жолдама алды. Сонымен қатар ол турнирдің кемінде қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Нұрбек Оралбай - Қазақстан құрамасының негізгі боксшыларының бірі

Нұрбек Оралбай соңғы жылдары Қазақстан боксының басты тұлғаларының біріне айналды. Ол 2023 жылы әлем чемпионы атанып, ел қоржынына маңызды алтын медаль салған.

Сонымен қатар 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлде місе тұтты. Осы жетістіктері арқылы Оралбай ұлттық құраманың ең тәжірибелі әрі нәтижелі боксшылардың қатарында саналады.

World Boxing кубогы Гуйянда өтіп жатыр

World Boxing кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтуде. Беделді халықаралық жарысқа әлемнің 44 елінен шамамен 333 боксшы қатысып жатыр.

Еске салайық, World Boxing кубогының алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен. Ол кезде Қазақстан құрамасы жалпы жеті медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, бірі күміс және үшеуі қола жүлде. 

Реклама
Реклама