Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды

Футбол шолушысы

Қазақстандық танымал боксшы, әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов енді ҚБФ қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті қызметін атқарады.

Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды
ysia.ru

ҚБФ вице-президенті болды

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Мерей Ақшалов ұйым президентінің бұйрығымен вице-президент лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болған. Ақшалов бұл қызметке 2025 жылдың қаңтарында ресми түрде кіріскен.

Жаңа қызметінде Мерей Ақшалов отандық бокстың танымалдығын арттыру, қоғаммен байланыс, PR және медиа бағыттарына жетекшілік етеді.

Федерация өкілдерінің хабарлауынша, белгілі спорт маманы алдағы уақытта қазақстандық бокстың имиджін күшейтуге, жанкүйерлермен байланысты жақсартуға және ақпараттық жұмысты жүйелеуге жауапты болады.

Әлем чемпионының спорттағы жетістіктері

Мерей Ақшалов – Қазақстан боксының ең танымал өкілдерінің бірі. Ол 2013 жылы әлем чемпионы атанып, Азия чемпионатында топ жарды.

Сонымен қатар Ақшалов 2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы болды, 2010 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, ал 2012 жылы Қазақстан чемпионы атанды.

Мерей Ақшалов кәсіби деңгейге жақын жобаларда да ел намысын қорғаған. Ол 2011 жылы Astana Arlans клубының құрамында Дүниежүзілік бокс сериясының финалына шықты.

Бұдан бөлек 2008 жылы Бейжіңде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Спорттағы табыстары үшін оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілген.