Әлем кубогы: Серік Теміржанов америкалық боксшыдан жеңіліп қалды (ВИДЕО)
Бүгін, 11:54
1/8 финалында Салим Эллис-Бейге 0:5 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.
olympic.kz
Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының кезеңінде жарысты аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз 1/8 финалда америкалық Салим Эллис-Бейге есе жіберді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Салим Эллис-Бейдің жеңісін тіркеді. Есеп — 0:5.
Айта кетейік, Серік Теміржанов — Қазақстан құрамасындағы тәжірибелі спортшылардың бірі. Ол 2021 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған болатын.
Сонымен қатар Теміржанов 2022 жылғы Азия чемпионатында да финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама