Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы Әлем кубогын жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан құрамасының тәжірибелі боксшысы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing Әлем кубогы кезеңінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы Әлем кубогын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
vesti.kz

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ боксшысы 1/8 финалда бразилиялық Кайан Рейспен жұдырықтасты. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Абылайхан Жүсіповке берді. Осы жеңістен кейін ол Әлем кубогының ширек финалына шықты.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов — 2025 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері атанған. 2017, 2019 және 2021 жылдары әлемдік додаларда үздік үштікке.

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогы кезеңі 2026 жылдың 21 маусымында аяқталады. Бұл жарыста Қазақстан құрамасының намысын 17 боксшы қорғап жатыр.