Тимур Нұрсейітовке Әлем кубогының медалі бұйырмады

Бокс шолушысы
19.06.2026, 13:09

Отандасымыз ширек финалда болгариялық Рами Киванға 0:5 есебімен жеңіліп, турнирді аяқтады.

Meta-ratings.kz

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының ширек финалынан аса алмады. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз бұл кезеңде болгариялық Рами Киванға есе жіберді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Рами Киванның жеңісін тіркеді. Есеп — 5:0.

Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасып жатыр

Айта кетейік, World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15 маусымда басталды. Турнир 21 маусымға дейін жалғасады.

Бұл жарыста Қазақстан атынан ерлер және әйелдер құрамаларының өкілдері өнер көрсетіп жатыр. 

Реклама
Реклама