Әлем кубогы: Абылайхан Жүсіпов Өзбекстан өкілін ұтып, жүлдегер атанды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
Бүгін, 13:30

Абылайхан Жүсіпов қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды. 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының өкілдері арасындағы жекпе-жек турнирдің 1/4 финалында өтті. Үш раундқа созылған кездесуде Абылайхан Жүсіпов қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жек қорытындысы — 5:0.

Жүсіпов кемінде қола медальді қамтамасыз етті

Бұл жеңістен кейін Абылайхан Жүсіпов World Boxing Cup турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша қазақстандық боксшы кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Енді Жүсіпов финал жолдамасы үшін жұдырықтасады. 

Абылайхан Жүсіповтің жетістіктері

Абылайхан Жүсіпов — Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі боксшылардың бірі. Ол 2025 жылы әлем чемпионы атанды.

Сонымен қатар Жүсіпов әлем чемпионаттарында үш рет қола жүлде жеңіп алған. Ол 2017, 2019 және 2021 жылдары дүниежүзілік біріншіліктердің қола медалін иеленген еді.

2024 жылы қазақстандық боксшы Азия чемпионатында топ жарып, құрлық біріншілігінің жеңімпазы болды.

Реклама
Реклама