Аида Әбікеева америкалық боксшыны жеңіп, Әлем кубогының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақ боксшысы Қытайдың Гуйян қаласындағы Әлем кубогы кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.

Аида Әбікеева америкалық боксшыны жеңіп, Әлем кубогының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
instagram/@abikeevaaida

Ширек финалдағы сенімді жеңіс

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ қызы ширек финалда АҚШ өкілі Мария Росендомен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Аида Әбікееваға берді.

Осылайша Қарағанды облысының намысын қорғап жүрген боксшы турнирдің жартылай финалына өтіп, кемінде қола медаль еншіледі.

Екі дүркін әлем чемпионы

Айта кетейік, 27 жастағы Аида Әбікеева 2025 жылы екі бірдей ірі халықаралық додада топ жарған. Ливерпульде өткен World Boxing ұйымы аясындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алса, кейін Дубайда ұйымдастырылған IBA әлем біріншілігінде де чемпион атанды.

Бокстан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусымда мәреге жетеді. Турнирге әлемнің 44 елінен 333-ке жуық боксшы қатысып жатыр.