Айбек Оралбай Қытайдағы Әлем кубогында медаль еншіледі (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық боксшы Қытайдың Гуйян қаласындағы World Boxing әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды.

Айбек Оралбай Қытайдағы Әлем кубогында медаль еншіледі (ВИДЕО)
tengrisport.kz

Ширек финалдағы сенімді жеңіс

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының мүшесі ширек финалда ұлыбританиялық Мэтью Уильямспен кездесті. Жекпе-жек барысында Айбек Оралбай қарсыласынан басым қимылдап, рингтегі жағдайды толық бақылауда ұстады. Қазақс боксшысы үш раунд бойы белсенділік танытып, төрешілерге еш күмән қалдырған жоқ. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Оралбайға турнирдің жартылай финалына шығуға мүмкіндік берді. Ал оның қарсыласы Мэтью Уильямс Қытайдағы жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

Медаль үшін күресін жалғастырады

Айбек Оралбай енді World Boxing әлем кубогының финалына шығу үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, World Boxing аясындағы әлем кубогының екінші кезеңі Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтіп жатыр. Турнирге 44 елден шамамен 333 боксшы қатысуда. Бұл жарыс маусымдағы ең ірі халықаралық бокс додаларының бірі саналады.