Әлем кубогы: Дина Исламбекова финал үшін айқаста Өзбекстан өкіліне жол берді (ВИДЕО)

Бас редактор
Бүгін, 11:36

Дегенмен қазақстандық боксшы World Boxing Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

NUR.KZ

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде финалға шыға алмады. 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Өзбекстан өкілі Олтина Сотимбоевадан жеңілді.

Үш раундқа созылған кездесудің қорытындысында төрешілер бірауыздан Сотимбоеваның жеңісін тіркеді. Жекпе-жек есебі — 5:0.

Дегенмен қазақстандық боксшы жартылай финалға дейін жетіп, World Boxing Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Гуйяндағы турнир 21 маусымда аяқталады

World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15 маусымда басталған. Жарыс 21 маусымда мәресіне жетеді.

Бұл додаға әлемнің 44 елінен боксшылар қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы турнирге бастапқыда 17 спортшымен барған: тоғыз ер және сегіз әйел боксшы.

Реклама
Реклама