Виктория Графеева Әлем кубогының "алтынына" таласады (ВИДЕО)
Жуырда қазақстандық былғары қолғап шебері өзбекстандық боксшыны тізе бүктірді.
Vesti.kz
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының финалына жолдама алды. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Ситора Турдибековадан басым түсті.
Финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жек тартысты өтті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Виктория Графееваға берді. Кездесу қорытындысы — 4:1.
Виктория Графееваның жетістіктері
Виктория Графеева — Қазақстан әйелдер боксындағы тәжірибелі спортшылардың бірі. Ол 2024 жылы Азия чемпионы атанды.
Сонымен қатар Графеева әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet