Елдос Сметовтың Қытайдағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Спорт шолушысы
Бүгін, 12:35

Олимпиада чемпионы, қазақстандық дзюдошы Париждағы тарихи жеңісінен кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысады.

Olympic.kz

26-28 маусым аралығында Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан халықаралық Гран-при кезеңі өтеді. Сметов бірінші белдесуінде жергілікті дзюдошы Жихао Сунмен (Қытай) кездеседі.

Олимпиададан кейін Елдос Сметовке ота жасалып, ұзақ уақыт оңалту кезеңінен өткен. 33 жастағы дзюдошы алдағы уақытта 2028 жылғы Олимпиадаға қатысу жоспарын да жоққа шығармайды.

Қазақстан дзюдошылары толық құраммен бақ сынайды

Жарысқа Қазақстан құрамасынан ерлер мен әйелдер арасында 19 дзюдошы қатысады. Ұлттық құрама сапында Әбиба Әбужақынова, Ғұсман Қырғызбаев, Бақыт Құсақбаева, Талғат Орынбасар және басқа да тәжірибелі дзюдошылар татамиге шығады.

Жеребе нәтижелері

26 маусым

48 кг. Әбиба Әбужақынова — Шафаг Хамидова (Әзербайжан)

57 кг. Бақыт Құсақбаева — Медина Оразниязова (Түрікменстан)

60 кг. Елдос Сметов — Жихао Сун (Қытай)
Талғат Орынбасар — Джошуа Кац (Аустралия) немесе Савери Игнашек (Польша)

66 кг. Ғұсман Қырғызбаев — Турболд Тумурхуу (Моңғолия)

27 маусым

70 кг. Ажар Асхат — Аделина Новицки (Израиль)
Мөлдір Нарынова — Сон Ху Мун (КХДР)

73 кг. Бақытжан Абдурахманов — Антон Шухалиев (Испания)
Ерсұлтан Дүйсенхан — Нарек Варданян (Швеция)

81 кг. Абылайхан Жұбаназар — Арыс Заракас (Грекия)
Әділет Алмат — Ратбек Жуманазаров (Қырғызстан)

28 маусым

78 кг. Аруна Жангельдина — Барчиной Қодирова (Өзбекстан)
Екатерина Токарева — Корали Годбу (Канада)

90 кг. Айдар Арапов — Влад Висан (Румыния)
Даниил Крылов — Гоки Тадзима (Жапония)

100 кг. Асқар Біржанов — Рарес Арсени (Румыния)
Бақжан Байтас — Иосиф Симин (Израиль)

+78 кг. Аида Тойшыбекова — Ирисхон Құрбанбаева (Өзбекстан)
Назгүл Маратова — Бин Жия (Қытай)

Реклама
Реклама