Дулат Бекбауов бұрынғы WBA Inter-Continental чемпионымен жұдырықтасады

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 19:06

Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясы отандасымыздың алдағы жекпе-жегіне қатысты ресми ақпарат таратты.

instagram.com/bekbauovdulat/

Рингке 25 шілдеде оралады

Кәсіпқой бокста әзірге жеңіліп көрмеген Дулат Бекбауов 25 шілде күні Алматыдағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – Беларусь өкілі Евгений Долголевец.

35 жастағы Долголевец бұған дейін WBA Inter-Continental белбеуінің иегері болған. Оның кәсіпқой бокстағы қазіргі көрсеткіші – 8 жеңіс және 1 жеңіліс.

Дулат Бекбауов кәсіпқой рингте үш жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Соңғы рет наурыз айында жұдырықтасқан. Сол кезде өзбекстандық Абдурасул Исмоиловтан нокаутпен басым түсті. 

Долголевец соңғы айқасында алғаш рет жеңілді

Евгений Долголевец соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйек айында өткізді. Ол ресейлік Иван Козловскийге қарсы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалды.

Бұл белорусь боксшысының кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі болды. Сондықтан Алматыдағы кездесу Долголевец үшін де маңызды мүмкіндікке айналмақ.

Реклама
Реклама