Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі "алтын" алды (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
Бүгін, 19:30

Қазақстан құрамасы Таиландтың Паттайя қаласында 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында еркін күрестен екі алтын медаль жеңіп алды.

sports24.kz

Нұрдәулет Сейілбеков финалда ирандық балуанды жеңді

5 шілде күні Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлделердің бірі Нұрдәулет Сейілбековтің жеңісі арқылы түсті. U-23 санатында Азия чемпионы атанған отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, ирандық Мохаммад Мамивандпен кездесті.

Тартысты өткен айқаста есеп 4:4 болып аяқталды. Бірақ соңғы нәтижелі әдісті Нұрдәулет Сейілбеков жасағандықтан жеңіс қазақстандық балуанға берілді. Осылайша ол жастар арасындағы құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.

Бекасыл Асамбек қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Қазақстан құрамасының тағы бір алтын медалін Бекасыл Асамбек жеңіп алды. Ол 61 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Пушппен белдесті.

Шешуші кездесуде Асамбек қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. 11:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Асхаб Хаджиев қола жүлде қосты

Қазақстан құрамасының медаль қорын Асхаб Хаджиев те толықтырды. 2022 жылғы 17 жасқа дейінгі Азия чемпионатының күміс жүлдегері Таиландтағы додада үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті. 

Осылайша қазақстандық еркін күрес стилінің балуандары жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын және бір қола жүлде еншіледі.

Реклама
Реклама