Жас қазақ боксшысы Азия чемпионатын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Нұрасыл Төлебек Джакартада 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.
1/8 финалдағы жеңіс
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрасыл Төлебек 1/8 финалда тәжікстандық Дамир Муйбалихоновпен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Бұл нәтиже Нұрасыл Төлебекке ширек финалға жолдама сыйлады. Ал оның қарсыласы Дамир Муйбалихонов турнирдегі өнерін аяқтады.
Қазақстан құрамасы Джакартада бақ сынап жатыр
Айта кетейік, бокстан 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатыр.
Құрлықтық біріншілік 3 шілдеде басталып, 16 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санаты бойынша жалпы 39 боксшымен қатысып жатыр.