Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Төрехан Сабырхан Азиададағы жеңісінен кейін биімен көзге түсті

Азия ойындарының чемпионы Instagram парақшасында би билеген видеосын жариялады.

Төрехан Сабырхан Азиададағы жеңісінен кейін биімен көзге түсті
instagram.com/sabyrkhantorekhan/

Төреханның биі видеоға түсіп қалды

Бейнежазбада 20 жастағы боксшының көпшілік алдында би билеп жүргенін көруге болады. Рингтегі өнерімен танылған боксшы бұл жолы жанкүйерлеріне басқа қырынан көрінді.

Төрехан Сабырхан Жапонияда өткен Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол турнир барысында катарлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Ирак боксшысын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Жартылай финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Финалда қазақстандық боксшы иорданиялық Зеяд Ишаиштен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Азия чемпионатында есе жіберген қарсыласынан қарымта қайтарды.

Қазақстан боксы үшін тарихи жеңіс

Сабырханның жетістігі Қазақстанның ерлер боксына Азия ойындарындағы 12 жыл күткен алтынды әкелді. Бұған дейін ұлттық құрама боксшылары Азиадада соңғы рет 2014 жылы чемпион атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?