Джакартадағы жекпе-жекте қазақ боксшысы мықтылығын дәлелдеді (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
07.07.2026, 17:32

Бибарыс Әшірбай Индонещияда U-19 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

sportilinet.kz

Үнді қарсыласын ұтты

70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы 1/8 финалда үндістандық Прашантпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Әшірбай төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 4:1.

Бұл жеңістен кейін Бибарыс Әшірбай Азия чемпионатының ширек финалына өтті. 

Азия чемпионаты Джакартада өтіп жатыр

Айта кетейік, U-19 және U-23 жас санатындағы боксшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада 16 шілдеге дейін жалғасады.

Биылғы құрлықтық додаға 26 елден 400-ден астам боксшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы жарысқа ерлер және әйелдер арасындағы екі жас санатында жалпы 39 боксшысын қосты.

Реклама
Реклама