Қуат Хамитов Арман Царукяннан оңбай ұтылды (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
11.07.2026, 22:30

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Тбилисиде RAF Georgia еркін күрес турнирінде Арман Царукянмен белдесті. 

instagram/@kuat_khamitov

Царукян Хамитовты 11:0 есебімен ұтты

Қуат Хамитов пен Арман Царукян арасындағы кездесу Грузия астанасы Тбилисиде ұйымдастырылды. Үшінші кезеңде Царукян 11:0 есебімен басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жекпе-жекке дейін Арман Царукян басты фаворит саналған. Ол күрес техникасындағы басымдығын көрсетіп, қазақстандық файтерге ұпай жинауға мүмкіндік бермеді.

Қуат Хамитовтың соңғы ММА жекпе-жегі

Қуат Хамитов ММА ережесі бойынша кейінгі ресми кездесуін ақпан айында өткізген. Ол бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Алан Силваның кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші — 20 жеңіс, 14 жеңіліс және бір тең нәтиже.

Арман Царукян октагондағы кейінгі жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізді. Ол жаңазеландиялық Дэн Хукерді екінші раундта сабмишн әдісімен жеңген. 

Реклама
Реклама