"Алтынға" бір қадам қалды: Нұрбек Мұрсал Джакартада жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
12.07.2026, 18:42

Азия чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Қатар өкілін сенімді жеңді.

olympic.kz

Сенімді жеңіс 

Нұрбек Мұрсал жартылай финалдық кездесуде қатардық Мохаммед Лассаад Дбичимен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксы жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласынан жылдам әрі дәл қимылдады. Үш раундтың қорытындысында төрешілер бірауыздан Мұрсалдың жеңісін тіркеді.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шығып, кемінде күміс медаль иегері атанады. 

Финалда Өзбекстан немесе Үндістан боксшысымен кездеседі

Мұрсал алтын жүлде үшін өтетін айқаста өзбекстандық Абдуллох Мадаминов пен үндістандық Хитеш арасындағы жартылай финалдық кездесу жеңімпазымен жұдырықтасады. Осылайша финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының кездесуі ықтимал.

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Джакарта қаласында 3-16 шілде аралығында өтіп жатыр. Турнирде U-19 және U-23 жас санатындағы боксшылар құрлық біріншілігінің медальдарын сарапқа салуда.

Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі финалдық кезеңге жолдама алып, Азия чемпионы атағы үшін күресті жалғастырып жатыр.

Реклама
Реклама