Қазақстандық балуандар Испанияда 24 медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:00
Испания астанасы Мадрид қаласында өткен күрестен халықаралық Гран-при турнирінде балуандар сәтті өнер көрсетті.
Olympic.kz
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 24 жүлдеге ие болды. Оның ішінде еркін күрес шеберлері 11 медаль, грек-рим күресінің өкілдері 13 медаль жеңіп алды.
Еркін күрестен үш алтын
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы үш салмақта чемпион атанды.
Алтын медаль иегерлері:
- Дәулет Әмірханов (57 кг дейін);
- Нұрлыбек Базарбаев (61 кг дейін);
- Жанқожа Әбілтаев (70 кг дейін).
Күміс жүлдеге:
- Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг);
- Мұхамед Балғабай (61 кг);
- Ақбар Құрбанов (65 кг);
- Шерхан Әбіл (70 кг) ие болды.
Қола медальді:
- Жанболат Қабиден (70 кг);
- Талап Жолдасов (70 кг);
- Әрсен Қабден (74 кг);
- Наурыз Ахмедханов (86 кг) иеленді.
Грек-рим күресі бойынша нәтиже
Грек-рим күресінде Қазақстан құрамасының екі өкілі жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алтын медальді Едіге Төлеутаев (55 кг) пен Ілияс Дәуітов (63 кг) иеленді.
Күміс жүлдегерлер:
- Айбат Рахым (55 кг);
- Жанболат Сапарбек (60 кг);
- Досжан Өтепқалиев (63 кг);
- Дінмұхамед Омаров (72 кг);
- Альмир Төлебаев (82 кг).
Қола жүлдені:
- Омар Ахон (60 кг);
- Шыңғыс Қайрат (63 кг);
- Николай Хапко (72 кг);
- Расул Жүніс (77 кг);
- Санжар Сабитов (82 кг);
- Аянбек Ибраев (97 кг) жеңіп алды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама