Руслан Ахметов қарсыласын 50 секундта тоқтатты (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
13.07.2026, 20:10

Қазақстандық боксшы Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.

instagram/@boxingkazakhstan

Техникалық нокаут тіркелді

Руслан Ахметов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында тайбэйлік Хао-Жан Янгпен кездесті. Ахметов жекпе-жек басталған сәттен-ақ қарсыласына жоғары қарқын ұсынды. Алғашқы минуттың өзінде дәл соққыларымен ерекшеленіп, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді.

Екінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті жалғастыруға негіз жоқ деп шешіп, кездесуді тоқтатты. Осылайша Руслан Ахметов бірінші раундтың 50-секундында техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, U19 санатындағы Азия чемпионатының финалына шықты.

Қазақстан 39 боксшымен қатысты

Бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеде аяқталады. Жарысқа 26 елден 400-ден астам боксшы қатысып жатыр.

Қазақстан құрамасы U19 және U23 санаттарындағы ерлер мен әйелдер бәсекесіне барлығы 39 боксшыны қосты.

Реклама
Реклама