Үш раундтық үстемдік: Тайбеков Азия алтынына бір қадам қалды (ВИДЕО)
Тимур Тайбеков Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Финал жолдамасы үшін жұдырықтасты
Тимур Тайбеков 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында тәжікстандық Хужамуминжон Холовпен кездесті. Ол айқаста дәл соққыларымен ерекшеленді. Барлық үш раундта басымдық танытып, кездесуді толық бақылауда ұстады.
Төрешілер жекпе-жек қорытындысы бойынша бірауыздан Тимур Тайбековтің жеңісін тіркеді.
Жартылай финалдағы жеңістің арқасында Тайбеков Азия чемпионатының шешуші жекпе-жегіне шықты. Осылайша қазақстандық боксшы кемінде күміс медаль місе тұтты. Ал Хужамуминжон Холов жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Қазақстан құрамасы 39 боксшы апарды
Бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады. Турнирге 26 елден 400-ден астам боксшы қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасы U19 және U23 санаттарындағы ерлер мен әйелдер бәсекесіне барлығы 39 боксшыны қосқан.