Қазақстандық дзюдошылар Asian Open турнирін сегіз медальмен аяқтады

Спорт шолушысы
Бүгін, 17:16

Ұлттық құрама өкілдері Тайбэйде өткен Asian Open 2026 халықаралық дзюдо турнирінде сәтті өнер көрсетіп, сегіз медаль жеңіп алды.

IJF

Ұлттық құрама қоржынына екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлде түсті. Турнирге 23 елден 236 спортшы қатысты.

Алтын медаль иегерлері:

  • Мәди Жеткерген (73 келіге дейін);
  • Санжар Жаббаров (100 келіден жоғары).

Күміс жүлдегерлер:

  • Мейірбек Байзақов (66 келіге дейін);
  • Айшабибі Мұрадимова (52 келіге дейін).

Қола медаль алған спортшылар:

  • Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін);
  • Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келіге дейін);
  • Мәди Еділбаев (100 келіден жоғары);
  • Аяна Дүйсенбай (48 келіге дейін).

Командалық есептегі нәтиже

Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама үшінші орынға тұрақтады. Оңтүстік Корея құрамасы жеті алтын, бес күміс және он қола медаль жеңіп бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Жапония құрамасы жайғасты. Жапон спортшылары төрт алтын, бір күміс және екі қола жүлдені еншіледі.

Реклама
Реклама