Шавкат Рахмонов Фаниль Рафиковпен спарринг өткізді (ВИДЕО)
Dar Pro Team командасының баспасөз қызметі жеңіліп көрмеген отандасымыздың кезекті жаттығуынан видео жариялады.
Рахмонов жеңіл спаррингке қатысты
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Шавкат Рахмонов қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиковпен жеңіл спарринг өткізіп жатқанын көруге болады.
Файтерлер жекпе-жек барысында соққы алмасу техникасын пысықтап, қозғалыс пен қорғаныс әрекеттеріне басымдық берген.
"Команда күн сайын күшейіп келеді. Шілде мен тамыз айларында бізді үлкен жекпе-жектер күтіп тұр", – делінген Dar Pro Team парақшасындағы жазбада.
Жарақаттан кейінгі қалпына келу процесі
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов тізесіндегі ауыр жарақаты қайта сыр бергеннен кейін оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Оның UFC октагонына 2026 жылдың соңы немесе 2027 жылдың басында оралуы мүмкін екені айтылған.
"Номад" лақап атымен танымал файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген.
Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында әзірге бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.