Азиза Исина өзбекстандық боксшыны жеңіп, Қазақстанға Азияның бесінші алтынын сыйлады (ВИДЕО)
Джакартада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Азиза Исина 70 келіге дейінгі салмақта Райхона Курбонбоеваны жеңді.
Құрлықтық чемпионаттағы жеңіс
Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Азиза Исинаға берді. Ол қарсыласын 3:2 есебімен төрешілердің бөлек шешімі арқылы жеңіп кетті.
Осылайша Азиза Исина Қазақстан құрамасына турнирдегі бесінші алтын медальді алып келді. Ал Райхона Курбонбоева жарыстың күміс жүлдегері болды.
22 боксшы финалға жолдама алды
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада 3–16 шілде аралығында өтіп жатыр. Құрлықтық додаға 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар қатысуда.
Қазақстан атынан жарысты бастаған 39 боксшының 22-сі финалдық кезеңге дейін жетті. Оның ішінде U-19 санатында тоғыз боксшы алтын медаль үшін сынға түссе, U-23 санатында ел намысын 13 боксшы қорғап жатыр.