Шавкат Рахмонов Асу Алмабаевпен күресті (ВИДЕО)
Бүгін, 14:29
Шавкат Рахмонов октагонға оралуға дайындықты жалғастырып жатыр.
El.kz
Жаттығудан түсірілген видеоны бапкер Оразалы Әлдібаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Кадрлардан екі файтердің күрес әдістері мен партердегі қимылдарды пысықтап жатқанын көруге болады.
Бейнежазба аралас жекпе-жек жанкүйерлерінің ерекше қызығушылығын туғызды. Бұған дейін де әлеуметтік желілерде Рахмонов пен Алмабаевтың бірлескен жаттығуларынан түсірілген кадрлар жарияланған.
Жартылай орта салмақта сынға түсетін Шавкат Рахмонов жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп, UFC октагонына қайта оралуға дайындалып жүр.
Ал Асу Алмабаев әлемдегі ең беделді ММА ұйымының аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама