UFC-де өнер көрсеткен Азат Мақсұм NAIZA лигасына оралды

Футбол шолушысы
Бүгін, 16:40

31 жастағы файтер жаңа келісімшартқа қол қойып, жекпе-жегінің қашан өтетінін жариялады.

instagram/@aza.maksum

NAIZA-мен келісімшартқа қол қойды

NAIZA лигасының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Азат Мақсұмның қатысуымен бейнеролик жариялады. Қазақ файтері видеода промоушенмен жаңа келісімге келгенін растады.

"Ассалаумағалейкум! Келісімшартқа қол қойылды. NAIZA 85 турнирінде күтіңіздер", — деді Азат Мақсұм.

Бұған дейін UFC ұйымында өнер көрсеткен файтер қайтадан қазақстандық промоушеннің октагонына шығады.

Келесі жекпе-жегі Алматыда өтеді

Азат Мақсұмның оралу жекпе-жегі 2026 жылғы 19 қыркүйекке жоспарланған. Файтер Алматы қаласында өтетін NAIZA 85 турнирінің кардында өнер көрсетеді.

Әзірге промоушен Азат Мақсұмның қарсыласының есімін ресми түрде жариялаған жоқ. Болашақ қарсылас туралы ақпарат турнирге жақын уақытта белгілі болуы мүмкін.

Реклама
Реклама