Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі қола медаль иемденді (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Еркін күрес шеберлері Мардан Орынбасар мен Әділет Рысбай Бакуде 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында екі қола медаль иемденді (ВИДЕО)
фото ашық дереккөзден алынды

Орынбасар грузиялық балуаннан басым түсті

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мардан Орынбасар әлем чемпионатының қола медалі үшін өткен белдесуде грузиялық Давит Мдзевашвилимен кездесті. Қазақ балуаны белдесудің алғашқы минуттарынан-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласына өз күресін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде Орынбасар 5:2 есебімен жеңіске жетті. 

Орынбасар жүлделі белдесуге жұбаныш кезеңі арқылы шықты.

Рысбай тартысты белдесу өткізді

71 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Әділет Рысбай да әлем чемпионатының қола медалін місе тұтты. 

Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде түрікменстандық Мекан Хыдайбереновпен күш сынасты. Кездесу тартысты өтіп, қарсыластар соңғы секундтарға дейін жеңіс үшін күресті. Белдесу қорытындысында Рысбай 6:4 есебімен ел қоржынына тағы бір қола медаль салды.

Рысбай да қола жүлде үшін күресуге жұбаныш белдесулеріндегі жеңістерінің арқасында мүмкіндік алған.