Асу Алмабаев UFC жұлдыздары өнер көрсететін беделді лигаға қосылды

Футбол шолушысы
06.08.2026, 23:18

Қазақстандық UFC файтері бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг бойынша турнирлер ұйымдастыратын ACBJJ промоушенімен ресми келісім жасасты.

instagram/@asu_zulfikar57

ACBJJ Алмабаевтың келісімшартқа отырғанын жариялады

Промоушеннің Instagram-дағы ресми аккаунтында қазақстандық файтердың суреті жарияланып, оның лига қатарына қосылғаны мәлім болды.

"ACBJJ-ге қош келдің, Асу Алмабаев", – делінген ұйымның жазбасында.

Жарияланымда қазақстандық файтердың ресми әлеуметтік желідегі парақшасы да белгіленген.

UFC-дегі соңғы жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған

Асу Алмабаев соңғы кездесуін 27 маусым күні Әзербайжан астанасы Бакудегі UFC Fight Night 280 турнирінде өткізді.

Ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Қарсыласына сирек қолданылатын аяққа жасалатын "Сулоев созу әдісін" сәтті орындап, оны берілуге мәжбүр етті.

Әсерлі жеңіс қазақстандыққа "Кештің үздік өнері" номинациясы бойынша 100 мың доллар көлемінде арнайы сыйақы алып келді.

ACBJJ лигасында UFC жұлдыздары өнер көрсетеді

ACBJJ турнирлеріне аралас жекпе-жек әлеміндегі танымал спортшылар тұрақты түрде қатысады.

Олардың қатарында:

  • Арман Царукян;
  • Белал Мухаммад;
  • Мовсар Евлоев;
  • Забит Магомедшарипов;
  • Юссеф Залал;
  • Бенсон Хендерсон бар.

Қазақстан атынан бұған дейін ACBJJ жарыстарына танымал ММА файтері Қуат Хамитов қатысқан.

Реклама
Реклама