Қазақ боксшысы Еуропа чемпионымен жұдырықтасады
Дастан Сәдуұлы 2024 жылғы Еуропа чемпионы, ресейлік Габил Мамедовпен жекпе-жек өткізеді.
Дастан Сәдуұлының кәсіпқой бокстағы көрсеткіші
Кездесу 13 қыркүйекте Орынборда өтеді. Қос боксшы бірінші жартылай орта салмақта күш сынасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой рингте осыған дейін 16 кездесу өткізген. Оның еншісінде 12 жеңіс пен 4 жеңіліс бар.
Садуұлы соңғы екі жекпе-жегінде де ресейлік боксшылармен кездескен. Алексей Мазур мен Тамерлан Оздоевқа қарсы шығып, жеңіліп қалған. Сондықтан Габил Мамедовпен болатын айқас жеңіс жолына қайта оралу мүмкіндігі болмақ.
Габил Мамедов кім?
32 жастағы ресейлік боксшы әуесқой бокста бірқатар ірі нәтиже жеткен. Габил Мамедов – 2024 жылғы Еуропа чемпионы. Сонымен қатар ол:
- 2017 жылғы Еуропа чемпионатының финалисі;
- 2019 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері;
- Ресейдің бес дүркін чемпионы.
Кәсіпқой бокста әзірге бір ресми жеңіске ие. 2022 жылдың қаңтарында EBP белбеуін жеңіп алған. Бұдан бөлек, ресейліктің IBA.PRO аясында екі жеңісі бар.
13 қыркүйектегі турнир бағдарламасында әйелдер арасындағы чемпиондық айқас та бар. Ресейлік Екатерина Сычева танзаниялық Сара Алекспен кездеседі. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақтағы WBA Asia белбеуі үшін өтеді және 10 раундқа есептелген.