Жарнама
Жарнама

Қазақстандық балуандар Германиядағы турнирде чемпион атанды

Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы Германияның Дортмунд қаласында өткен Гран-приде алты алтын медаль иеленді.

Қазақстандық балуандар Германиядағы турнирде чемпион атанды
UWW

Жарыстың финалдық белдесулерінде Қазақстан құрамасының алты өкілі өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Алтын медаль алған қазақстандық балуандар:

  • Арсен Жұма - 55 кг дейін;
  • Айбек Айтбеков - 60 кг дейін;
  • Айдос Сұлтанғали - 63 кг дейін;
  • Бағдат Сабаз - 67 кг дейін;
  • Юсуф Ашрапов - 77 кг дейін;
  • Мерей Мәулітханов - 77 кг дейін.

Германиядағы беделді турнир

“Grand Prix of Germany” - UWW қолдауымен ұйымдастырылатын грек-рим күресінен халықаралық жарыстардың бірі. Биылғы турнир Дортмундта 14-16 тамыз аралығында өтті.

Биыл Қазақстан ұлттық құрамасы Дортмундтағы жарысқа 20 спортшыдан тұратын құраммен барды. Нәтижесінде алты спортшы өз салмақтарында чемпион атанды.

Жарнама
Жарнама