Шавкат Рахмоновтың дивизионында UFC чемпионы атағы қорғалды (ВИДЕО)
Филадельфиядағы Xfinity Mobile Arena кешенінде UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегі өтті.
Махачев — Гэрри жекпе-жегінің нәтижесі
Ислам Махачев (28-1) UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін Иэн Гэрриге (17-1) қарсы жекпе-жекте сарапқа салды.
Бес раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде төрешілер чемпионның басымдығын мойындап, 49-46, 49-46 және 48-47 есебімен Ислам Махачевке бірауыздан жеңіс берді.
Осылайша Махачев аралас жекпе-жектегі мансабында 29-жеңісіне жетіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады. Ал Иэн Гэрри кәсіби ММА-дағы екінші жеңілісін тіркеді.
Шавкат Рахмонов пен UFC чемпиондық белбеуі
Бұл Ислам Махачевтің жартылай орта салмақтағы чемпион ретінде өткізген алғашқы титул қорғауы болды.
Айта кетейік, дәл осы дивизионда Шавкат Рахмонов (19-0) та өнер көрсетеді. Сондықтан Махачевтың кезекті жеңісінен кейін қазақстандық жанкүйерлер үшін жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу төңірегіндегі жағдай одан әрі қызықты бола түспек.
Шавкат Рахмонов Иэн Гэрридің кәсіби мансабында алғаш рет жеңілген қарсыласы саналады. "Номад" ирландиялық файтермен 2024 жылдың желтоқсанында кездесіп, үш раунд қорытындысында төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.