Фатима Сұпығалиева әлем чемпионатында тарихи алтын иеленді (ВИДЕО)
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Гуаякильде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы үшін жарыстың кезекті күні тарихи нәтижемен есте қалды.
52 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Фатима Сұпығалиева финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде украиналық Ксения Кирильчукпен кездесіп, жеңіске жетті.
Қазақстан дзюдосындағы тарихи алтын
Осылайша Фатима Сұпығалиева Қазақстан тарихындағы әйелдер арасында алтын медаль иеленген алғашқы дзюдошы атанды.
Қазір ұлттық құраманың қоржынында әлем чемпионатының 9 медалі, оның ішінде 2 алтын жүлде бар.
Жарнама
Жарнама