Бекәлі Еркен дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Гуаякильде кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленді.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде неміс Дмитрий Матузныймен кездесті.
Бекәлі Еркен жарыстың алдын ала кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Ол алғашқы белдесулерінде мексикалық Эмилиано Сальсидо Арельянес пен моңғолиялық Далайцэрэн Батбуянды жеңді.
Бірақ ширек финалда грузиялық Гиорги Мчедлишвилиге есе жіберді. Кейін қарсыласы финалға шығып, Еркенге жұбаныш белдесулерінде жүлдеге таласуға мүмкіндік берді.
Қола медаль жолындағы жұбаныш кездесуінде Бекәлі Еркен литвалық Натас Алексейунасты жеңіп, үшінші орын үшін белдесуге жолдама алды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.