Жарнама
Жарнама

Шерзод Давлатов Grand Slam турнирінің қола жүлдесінен қағылды

Қазақстандық дзюдошы Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады.

Шерзод Давлатов Grand Slam турнирінің қола жүлдесінен қағылды
Спортты дамыту дирекциясы

Финалдық кезеңге дейін жетті

Қазақстандық балуан турнир барысында америкалық Кристофер Велазконы, швейцариялық Давид Гаухты және Франция құрамасының екі дзюдошысын жарыстан шығарды. Ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Лука Мхеидзені иппон әдісімен ұтты.

Давлатов жартылай финалда 2022 жылғы Masters турнирінің жеңімпазы, оңтүстіккореялық Ха Рим Лимен кездесті. Тартысты белдесу барысында қос дзюдошы да екі реттен "шидо" ескертуін алды. Соңғы сәттерде қазақстандық дзюдошыға үшінші ескерту беріліп, ол "хансоку-макэ" ережесі бойынша жеңілген болып танылды. Осылайша Давлатов финалға шыға алмай, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Өзбекстандық дзюдошы қола жүлде иеленді

Шерзод Давлатов үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Самриддин Кучкаровпен күш сынасты. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталып, қазақстандық дзюдошы Лозаннадағы Grand Slam жарысын медальсыз аяқтады.

Шерзод Давлатовтың Лозаннадағы нәтижелері: 

  • 1/64 финал: Кристофер Велазко (АҚШ) — иппонмен жеңді;
  • 1/32 финал: Ромен Пикар (Франция) — екі "юкомен" жеңді;
  • 1/16 финал: Давид Гаух (Швейцария) — иппонмен жеңді;
  • ширек финал: Лука Мхеидзе (Франция) — иппонмен жеңді;
  • жартылай финал: Ха Рим Ли (Оңтүстік Корея) — "хансоку-макэ" ережесімен жеңілді;
  • қола медаль үшін белдесу: Самриддин Кучкаров (Өзбекстан) — жеңілді.
Жарнама
Жарнама