ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстандық әлем чемпионы допинг қолданғаны үшін алты жылға шеттетілді

Аралас жекпе-жек шебері Нұрсұлтан Мендібаев допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты алты жылға дисквалификацияланды.

Қазақстандық әлем чемпионы допинг қолданғаны үшін алты жылға шеттетілді
Instagram/@mendybaev_66

Тыйым салынған екі зат табылды

ITA таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, қазақстандық файтердың ағзасынан дростанолон метаболиті мен мельдоний анықталған. Допинг-бақылау 2025 жылғы 22 маусымда Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен ММА әлем чемпионаты кезінде жүргізілген. Істің қозғалғаннан кейін Мендібаев жарыстардан уақытша шеттетілді.

Халықаралық тестілеу агенттігі GAMMA ұйымының атынан антидопинг ережелерінің 8.3.3-бабына сәйкес шешім шығарды. Жазаны ауырлататын мән-жайлар ескеріліп, файтерды шеттету мерзімі алты жылға дейін ұзартылған.

Нұрсұлтан Мендібаевтың дисквалификациясы 2026 жылғы 12 тамыздан 2032 жылғы 11 тамызға дейін күшінде болады. Сонымен қатар оның 2025 жылғы 22 маусымнан бері тіркелген барлық спорттық нәтижесі жойылды.

Шешімге шағым түсіруге болады

Апелляция беруге құқығы бар тараптар GAMMA антидопинг қағидаларының 13.2.3-бабына сәйкес істі Спорттық арбитраж сотының (CAS) апелляциялық палатасында қайта қарауды талап ете алады.

ITA аталған жағдайға байланысты бұдан әрі түсініктеме бермейтінін мәлімдеді.

Нұрсұлтан Мендібаев — Дүниежүзілік аралас жекпе-жек қауымдастығы (GAMMA) аясындағы ММА әлем чемпионы. Сондай-ақ ол панкратион, грэпплинг және самбодан Қазақстан чемпионатында бірнеше рет топ жарған.

Кәсіпқой мансабында NAIZA және RFC лигаларында өнер көрсетті. Соңғы жекпе-жегін 2026 жылғы 16 мамырда RFC турнирінде өткізіп, армениялвқ Меружан Палянға есе жіберген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.