Жүсіпов пе, Сабырхан ба? Қазақстан құрамасының таңдауы белгілі болды
Бокстан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуі мүмкін боксшысы белгілі болды.
Таңдау Төрехан Сабырханға түсуі мүмкін
Sportbugin.kz порталының мәліметі бойынша Айти мен Нагояда өтетін құрлықтық додада 70 келі салмақта Қазақстан намысын Төрехан Сабырхан қорғауы ықтимал.
Бұған дейін отандық спорт басылымдарында Азиадаға Төрехан Сабырхан немесе Абылайхан Жүсіповтың қайсысы баратыны қызу талқыланған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бапкерлер құрамы Сабырханның кандидатурасына тоқтаған.
Дегенмен Қазақстан құрамасының Азия ойындарына арналған ресми тізімі жарияланғаннан кейін ғана бұл шешім түпкілікті расталады.
Азиада-2026 қашан өтеді?
XX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылады.
Бокс бәсекелері Айти префектурасындағы Нисио қаласында өтеді. Жарыс кестесі төмендегідей:
- Алдын ала жекпе-жектер — 21 қыркүйектен бастап;
- Жартылай финалдар — 29 және 30 қыркүйек;
- Финалдық айқастар — 2 қазан.