ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Жүсіпов немесе Сабырхан? Тұрсынғали Еділов лайық боксшыны таңдады

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрамаға қатысты пікір білдірді.

Жүсіпов немесе Сабырхан? Тұрсынғали Еділов лайық боксшыны таңдады
sports.kz

Жүсіповтің қазіргі дайындығы жоғары

Тәжірибелі бапкердің айтуынша, кәсіпқой бокстан кейін үзіліс алған Абылайхан Жүсіпов қазір бабына қайта еніп, жеңіске деген жігерін көрсетіп жүр.

"Абылайханның қазіргі дайындығы өте жақсы. Кәсіпқой рингтен кейін тынығып, енді ерекше құлшыныспен жаттығып жатыр. Ол 2025 жылғы әлем чемпионатында барлық қарсыласын жеңді. Өзбекстан, Үндістан және Азияның басқа елдерінен келген боксшылардан сенімді түрде басым түсіп жүр. Сондықтан одан Азиада алтынын күтуге болады", – деді Тұрсынғали Еділов.

Сабырханға қатысты пікір

Жаттықтырушы Төрехан Сабырханның да әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Бірақ Еділов жас боксшыны алдағы Олимпиада ойындарына жүйелі түрде дайындау қажет деп есептейді.

"Төрехан да Абылайханнан кем емес. Дегенмен оны әлі де шыңдап, келесі Олимпиадаға бағыттап дайындаған дұрыс", – деді маман.

Осылайша Тұрсынғали Еділов 70 келіге дейінгі салмақта Азиада-2026 жолдамасына Абылайхан Жүсіповті негізгі кандидат ретінде атады.

Жүсіпов пен Сабырханның соңғы жетістіктері

Абылайхан Жүсіпов 2025 жылы Дубайдағы IBA әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Соныменқатар Нидерландтағы Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде топ жарып, 2026 жылы Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.

Төрехан Сабырхан да соңғы жылдары ірі жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетіп келеді. Боксшы "Странджа кубогын" жеңіп алды, Ливерпульде World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты және 2026 жылы Моңғолияда ұйымдастырылған Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.