ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Жалғас Жұмағұлов ресейлік чемпионмен жұдырықтасады
instagram/@zhumagulov_zhalgas

Жалғас Жұмағұлов ресейлік чемпионмен жұдырықтасады

Қазақстандық ММА шебері Ташкентте IBA Nomad 16 турнирінде ресейлік боксшы Асрор Акпархожаевпен кездеседі.

Жұмағұловтың қарсыласы кім?

Жалғас Жұмағұлов пен "Вожак" лақап атымен танылған Асрор Акпархожаев аса жеңіл салмақта күш сынасады. Жекпе-жек 17 қазанда Өзбекстан астанасындағы Humo Arena спорт кешенінде өтеді.

Турнир ұйымдастырушылары бұл кездесуді тәжірибе мен жастықтың тартысы ретінде таныстырды.

"IBA Nomad-тағы алғашқы жекпе-жегін жарқын нокаутпен аяқтаған Жалғас Жұмағұлов жаңа сынға дайын. Оның қарсыласы — тәжірибелі әрі қауіпті спортшылармен бәсекелесе алатынын дәлелдеген жас және болашағынан үміт күттіретін Асрор "Вожак" Акпархожаев", — делінген ұйымның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Асрор Акпархожаевтың жетістіктері

Тәжікстанда дүниеге келген Асрор Акпархожаев — Ресей атынан өнер көрсететін кәсіпқой боксшы әрі поп-ММА өкілі. Ол Hardcore Boxing лигасының чемпионы атанған.

Сонымен қатар Nomad FC, AllstarsBoxing және PRIME FL секілді жұдырықтасу мен аралас жекпе-жек ұйымдарының турнирлеріне қатысқан. Өзі Ресей бокс федерациясында ресми тіркелген.

Жұмағұловтың соңғы жекпе-жегі қалай аяқталды?

Жалғас Жұмағұлов соңғы рет 6 маусымда Братиславада Oktagon 89 турнирінде октагонға шыққан еді. Аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін бразилиялық Игор Севериномен кездескен.

Екінші раундта Северино қарсыласының шап тұсынан абайсызда тыйым салынған соққы жасап, Жұмағұлов жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде кездесу ресми түрде өтпеді деп танылды.

Жарнама
Жарнама