ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Әлімханұлы айқас алдында Мейірім Нұрсұлтановқа қолдау білдірді
instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Әлімханұлы айқас алдында Мейірім Нұрсұлтановқа қолдау білдірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы отандасы Мейірім Нұрсұлтановқа америкалық Хесус Рамос кішіге қарсы маңызды жекпе-жек алдында сәттілік тіледі.

Әлімханұлы отандасына сәттілік тіледі

Мейірім Нұрсұлтанов Instagram парақшасында алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатынан жазба жариялаған. Оның астына Жәнібек Әлімханұлы қысқа ғана пікір қалдырды:

"Сәттілік, бауырым!"

Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос кіші арасындағы жекпе-жек 19 қыркүйекте Сан-Диегодағы Pechanga Arena-да өтеді. Айқастың басты жүлдесі – америкалық боксшыға тиесілі WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпиондық титул.

33 жастағы Нұрсұлтанов үшін бұл ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Қазақстандық былғары қолғап шебері соңғы рет 2023 жылдың 17 қарашасында Хулио Аламосты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Әлімханұлы да әлем чемпионы атағына таласуға жақын

Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың шілдесінде екінші орта салмаққа ауысқан болатын. Тамыз айында WBO қазақстандық боксшыны британиялық Хамза Ширазға тиесілі чемпиондық белбеудің міндетті үміткері ретінде бекітті.

16 қыркүйекте осы жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына арналған промоутерлік сауданы Queensberry Promotions компаниясы жеңіп алды. Компанияның ұсынысы 1 001 809 доллар болды. 

Осылайша қазақстандық екі боксшы да әлемдік деңгейдегі маңызды титулдық кездесулердің алдында тұр.

Жарнама
Жарнама