ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
UFC рейтингінен шығарылған Шавкат Рахмонов үнсіздігін бұзды
Instagram/@shavkatrakhmonov94

UFC рейтингінен шығарылған Шавкат Рахмонов үнсіздігін бұзды

Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасын жаңа жазбамен толықтырды.

Жанкүйерлеріне сауал тастады

Жарияланған фотосуретте қазақстандық файтер классикалық костюм киіп, салмақты образда көрінді. Рахмонов суреттің астына қысқа ғана жазба қалдырды.

"Қарастырып жатырсыздар ма?" — деп жазды Шавкат.

Қазақстандық файтердің жаңа бейнесі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, жанкүйерлер арасында қызу талқыланды.

Жеңіліссіз келе жатқан Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылғы 8 желтоқсанда октагонға шыққан. Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Осы кездесуден кейін "Номад" ресми жекпе-жек өткізген жоқ.

Ауыр жарақат мансабына үзіліс әкелді

Рахмоновтың ұзақ уақыт өнер көрсетпеуіне тізесінен алған ауыр жарақаты себеп болды. Ол Белал Мұхаммадқа қарсы өтпей қалған чемпиондық жекпе-жек алдында аяғын жарақаттап, кейін оңалту кезеңінде зақымын асқындырып алған.

2026 жылдың басында қазақстандық файтер тізесіне тағы бір күрделі операция жасатты. Соның салдарынан жыл соңына дейін октагонға орала алмайды.

Ұзақ үзіліске байланысты UFC басшылығы Рахмоновты жартылай орта салмақтағы ресми рейтингтен уақытша шығарды. Бапкерлер штабының болжамынша, қазақстандық файтер 2027 жылдың ақпанынан ерте жекпе-жекке қатыспайды.

Жарнама
Жарнама