ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Жәнібек Әлімханұлын Әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
sportarena.kz

Жәнібек Әлімханұлын Әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Доминикандық чемпион бұл туралы X әлеуметтік желісінде ашық жазды. 

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын ашық түрде жекпе-жекке шақырды.

Доминикандық чемпион бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазып, қазақстандық боксшының аккаунтын белгіледі.

"Жәнібек, енді бәрі таза ма? Қазір жұдырықтасқың келе ме? Дайынсың ба? Ұйымдастырайық", – деп жазды ол.

Карлос Адаместің кәсіпқой бокстағы рекорды – 25 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең нәтиже. Оның 18 жеңісі нокаутпен аяқталған.

WBO титулы үшін айқас

Бұған дейін WBO Жәнібек Әлімханұлын екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираздың міндетті қарсыласы ретінде бекіткен болатын.

16 қыркүйекте жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына арналған промоутерлік сауда өтіп, Queensberry Promotions 1 001 809 доллар, ал Top Rank 820 мың доллар ұсынды. Алайда кейін Шираз міндетті титулдық жекпе-жектен бас тартып, WBO чемпиондық белбеуін босатты.

WBO белбеуі қазір бос тұр

Шираздың шешімінен кейін WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бос қалды.

Жәнібек Әлімханұлы міндетті үміткер мәртебесін сақтап отыр. Бірақ оның чемпиондық белбеу үшін кіммен жұдырықтасатыны әзірге ресми түрде анықталған жоқ.

Ықтимал қарсыластар қатарында америкалық Диего Пачеко мен даниялық Джейкоб Бэнк аталды.

Жарнама
Жарнама