Жарнама
Жарнама
Азиада-2026: Оразбек Асылқұловтың алғашқы қарсыласы анықталды
baq-orda.kz

Азиада-2026: Оразбек Асылқұловтың алғашқы қарсыласы анықталды

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Чан Донхванмен кездеседі.

Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұловтың Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Чан Донхванмен кездеседі.

Қарсыласы алғашқы кезеңде 4:1 есебімен жеңді

Чан Донхван алдын ала кезеңде Қытай Тайбэйінің өкілі Лин Джун-юмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 4:1 есебінде басым түсті.

Ал Оразбек Асылқұлов жеребе нәтижесі бойынша алғашқы айналымнан босатылып, жарысты бірден 1/8 финалдан бастайды.

Оразбек Асылқұлов – Чан Донхван кездесуі 25 қыркүйекке жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер арасындағы бокс турнирінде алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Әйелдер құрамасы бес салмақта сынға түседі.

Азия ойындарындағы бокс бәсекесі 2 қазанға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама