Жарнама
Жарнама
Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, маңызды жеңіске жетті
instagram.com/sultanzaurbek/

Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, маңызды жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Австралияның Квинсленд штатында өткен маңызды жекпе-жекте жергілікті былғары қолғап шебері Джексон Инглендті жеңді.

Қарсыласын төртінші раундта нокдаунға жіберді

Бұл кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесін сарапқа салған іріктеу жекпе-жегі болды.

Қазақстандық боксшы кездесу барысында белсенділік танытып, қарсыласына бірнеше дәл соққы жасады. Төртінші раундта Зәуірбек Инглендті нокдаунға түсіріп, айқын басымдығын көрсетті.

Жекпе-жек толық дистанцияға созылып, қорытындысында төрешілер жеңісті Сұлтан Зәуірбекке берді. Осы нәтиженің арқасында ол IBF чемпиондық белбеуіне таласу мүмкіндігіне бір қадам жақындады.

Жеңіліссіз серия жалғасты

Бұл кездесуге дейін Зәуірбек кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 қарсыласы нокаутпен жеңілген. Ал Джексон Ингленд бұған дейін 21 кездесу өткізіп, 19 рет жеңіске жетіп, үш мәрте жеңілген. Оның 10 жеңісі нокаутпен тіркелген.

Қазір екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі мексикалық Эмануэль Наварретеге тиесілі. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 40 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 тең нәтиже және 33 нокаут.

Жарнама
Жарнама