Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрбек Оралбай Азия ойындарында қарсыласын тас-талқан етті

Қазақстан құрамасының боксшысы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады.

Нұрбек Оралбай Азия ойындарында қарсыласын тас-талқан етті
instagram.com/boxingkazakhstan/

Қарсыласын 5:0 есебімен жеңді

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы жарысты бірден 1/8 финал кезеңінен бастады. Бұл сында Нұрбек Оралбай ауғанстандық Силаб Нуримен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Оралбайдың басымдығын мойындады – 5:0.

Осылайша қазақ былғары қолғап шебері Азиаданың ширек финалына жолдама алды.

Нұрбек Оралбайдың басты жетістіктері

Нұрбек Оралбай – Қазақстан боксының қазіргі таңдағы жетекші өкілдерінің бірі.

Оның еншісінде:

  • Париж Олимпиадасы-2024 – күміс медаль;
  • 2023 жылғы әлем чемпионаты – алтын медаль;
  • 2022 жылғы Азия чемпионаты – қола медаль.

Ал алғашқы қарсыласы Силаб Нури бұған дейін Ауғанстан чемпионатын бес рет жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?