Сметов корей жұлдызына қарсы: Қазақстандық дзюдошылардың алғақшы қарсыластары анықталды
Бірқатар отандасымыз жарыстың алғашқы кезеңінен-ақ әлемдік деңгейдегі мықты қарсыластармен кездеседі.
Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан жеребе тартылып, Қазақстан құрамасы спортшыларының алғашқы қарсыластары анықталды.
Қазақстан турнирге негізгі құрамын алып барды. Бірқатар отандасымыз жарыстың алғашқы кезеңінен-ақ әлемдік деңгейдегі мықты қарсыластармен кездеседі.
Сметовке Ли Ха Рим қарсы шығады
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Ли Ха Риммен кездеседі.
Кореялық дзюдошы – әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері және Masters турнирінің жеңімпазы.
73 келіде Бақытжан Абдурахмановқа да қиын қарсылас түсті. Ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Татсуки Ишихарамен белдеседі.
Ерлер арасындағы жеребе мынадай:
- 60 кг: Елдос Сметов – Ли Ха Рим (Оңтүстік Корея);
- 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев – Дахан Дон (Шри-Ланка);
- 73 кг: Бақытжан Абдурахманов – Татсуки Ишихара (Жапония);
- 81 кг: Әділет Алмат – Тегин Алмазжан уулу (Қырғызстан);
- 90 кг: Айдар Арапов – Гаджимұрат Омаров (БАӘ);
- 100 кг: Марат Байқамұров – Ерназар Сәрсенбаев (Өзбекстан) немесе Китипонг Хантратин (Таиланд);
- +100 кг: Ерасыл Қажыбаев – Дарма Вардана (Индонезия).
Әйелдер бәсекесінде Қазақстан атынан жеті дзюдошы сынға түседі.
- 48 кг: Әбиба Әбужақынова - Астима Дей (Үндістан) немесе Чи Ха Нгок (Вьетнам);
- 52 кг: Меруерт Сәрсенова – Таоки Сенгдаки (Лаос);
- 57 кг: Дана Әбдірова – Тзу Юн Лиу (Қытай Тайбэйі);
- 63 кг: Есмигүл Куюловаға - Жи Су Ким (Оңтүстік Корея);
- 70 кг: Ажар Асхат – Супатра Нанонг (Таиланд);
- 78 кг: Екатерина Токарева – Киоми Ватанабе (Филиппин);
- +78 кг: Аида Тойшыбекова – Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия).
2026 жылғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.