Азиада-2026: Қазақстанның төрт боксшысы бүгін финал үшін жұдырықтасады
Бүған дейін ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай финалға жолдама алған еді.
Бүгін, 30 қыркүйекте, Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының төрт боксшысы жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді.
Финал жолдамасы үшін Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова, Махмұд Сабырхан және Төрехан Сабырхан рингке шығады.
Жекпе-жектер қашан басталады?
Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдық кездесулерінің кестесі:
- 09:15 – Алуа Балқыбекова – Нгуен Тхи Там (Вьетнам);
- 10:15 – Наталья Богданова – Ловлина Боргохаин (Үндістан);
- 10:30 – Махмұд Сабырхан – Карло Паалам (Филиппин);
- 11:00 – Төрехан Сабырхан – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан).
Барлық жекпе-жектің тікелей трансляциясын "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.
Айбек Оралбай финалға шықты
Қазақстан құрамасынан Азия ойындарының финалына бірінші болып Айбек Оралбай жолдама алды.
29 қыркүйекте +90 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол Үндістан өкілі Нарендерді төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңді.
Жарнама
Жарнама