Джитсерлер Азиада додасында ел қоржынына тағы бір медаль салды
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Жапонияда Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Құлымбетова үшінші орын үшін оңтүстіккореялық Хуивон Жунгпен кездесті. Тартысты өткен белдесуде екі балуан да екі ұпайдан жинап, негізгі есеп 2:2 болды.
Ұпай саны тең болғандықтан жеңімпазды анықтау кезінде қосымша басымдық көрсеткіші – Advantage ескерілді. Бұл көрсеткіш бойынша Жібек Құлымбетова қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық джитсер Азиада-2026 додасының қола медалін иеленді. Бұған дейін Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына күміс медаль салған еді.
Жарнама
Жарнама