Жарнама
Жарнама
Азиада-2026: Қазақстан әйелдер күресінен алғашқы медаль жеңіп алды
olympic.kz

Азиада-2026: Қазақстан әйелдер күресінен алғашқы медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды.

Алғашқы Азиададағы жүлде

Баянова 50 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде 17 жастағы Дипашиден айқын басым түсті. 11:4 есебімен тіркелген жеңіс қазақ қызына өзі қатысқан алғашқы Азия ойындарында тұғырға көтерілуге мүмкіндік берді.

Бұл – Қазақстан әйелдер күресі құрамасының Азиада-2026 додасындағы алғашқы жүлдесі.

Бұған дейін Зейнеп жартылай финалда жапониялық Ю Сасакиге есе жіберіп, алтын медаль үшін күресті жалғастыра алмаған еді.

Зейнеп Баянова туралы не білеміз?

Зейнеп Баянова 2003 жылы 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Чапаев ауылында дүниеге келген. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұр.

Балуанның негізгі жетістіктері:

  • 2019 жыл: кадеттер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2022 жыл: U20 Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 2023 жыл: U23 Азия чемпионатының күміс және U20 Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2024 және 2025 жылдар: U23 Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2025 жыл: ересектер арасындағы Азия чемпионаты мен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері;
  • 2026 жыл: Мұхаммет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері енді жетістіктерін Азия ойындарының қола медалімен толықтырды.

Жарнама
Жарнама