Қазақстандық боксшылар Азиадада қанша ақша тапты?
Ұлттық құрама қоржынына биылғы Азия ойындарында екі алтын және үш қола жүлде түсті.
Қазақстан бокс құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоясында өткен 2026 жылғы Азия ойындарында бес медаль жеңіп алды.
Азия ойындарының чемпионы атанғандар:
- Төрехан Сабырхан – 70 кг;
- Айбек Оралбай – +90 кг.
Қола жүлде иеленгендер:
- Махмұд Сабырхан – 55 кг;
- Алуа Балқыбекова – 51 кг;
- Наталья Богданова – 75 кг.
Жүлдегерлерге қанша сыйақы беріледі?
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Азия ойындарындағы медальдар үшін мынадай сыйақы қарастырылған:
- алтын медаль – 10 000 доллар;
- күміс медаль – 5 000 доллар;
- қола медаль – 3 000 доллар.
Осы есеп бойынша екі алтын үшін қазақстандық боксшылар 20 мың доллар, ал үш қола үшін 9 мың доллар алады.
Жалпы сыйақы көлемі 29 мың долларды, яғни шамамен 13 миллион теңгені құрайды.
Жарнама
Жарнама